"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі
МҰРАЖАЙ

Тарих

1959 жылдың көктемінде Павлодардағы белгілі музыкант, музыкалық мектептің бірінші директоры Гильда Эрнстова Кромер партияның обкомына музыкалық колледж ашу жөнінде сұраныс хат жазады.

1959 жылдың маусым айының соңында Қазақ КСРО Министрлер Кеңесінің Павлодарда контингенті 60 оқушыдан тұратын музыкалық училище ашу туралы шешімі келеді. Директоры болып Г.Э. Кромер тағайындалады.

Музыкалық училищенің оқу сабақтары үшін №5 орта мектеп филиалының ғимаратында бірнеше кабинет беріледі.

1959 жылдың шілде айында бірінші рет оқушыларды қабылдау жүргізіледі. Өтініштерді қабылдау 6 бөлімде жүргізілді – фортепиано, ішектік, дирижерлік-хорлық, вокалды, халықтық аспаптар, үрмелі және соқпалы аспаптар бөлімі.

Сол кездің педагогикалық ұжымын келесілер құрады: В.М. Антонова, Э.И. Сергиенко, Ф.Д. Сергиенко, И.И. Давыдченко, В.А. Вакулин, Ю.Я. Шаляпин, Г.А. Шилкин, Ф.А. Шефер, Э.Е. Кромер, В.И. Ботов, З.Г. Басалаева

Келесі оқу жылында оқытушылар ұжымы музыкалық мектеп түлегі Артур Александрович Меттус (ол Алматы консерваториясын бітірген).. Жоғары және орта білім беру министрлігінің бағыттамасы бойынша талантты пианистка Маргарита Константиновна Артамоновамен толықты.

1960 – 1961 оқу жылында музыка теориясы бөлімі ашылды, оған А.А. Меттус басшылық етті.

1962 жылы ол кіші симфониялық оркестрдің жетекшісі болады.

1963 жылы Павлодар музыкалық училищесі өзінің алғашқы түлектерін шығарды – 37 адам. Мемлекеттік комиссияның төрағасы Алматы консерваториясының доценті Эмиль Абрамович Россман болды.

Алғашқы түлектердің ішінде бүгінде қала мен облыс бойынша танымал, және де музыкалық мәдениеттің дамуына көп үлес қосқан музыканттар бар:

Антонина Дмитриевна Пирожкова (Ставская), Егор Егорович Конради, Владимир Линчевский, Александр Иванович Шиллер, Алексей Петрович Перерва, Виктор Акимович Вакулин

1965 жылы Мәскеудің типтік жобасы бойынша Павлодар қаласының Куйбышев көшесінде (бүгінде Торайғыров) музыкалық училище ғимаратының құрылысы басталды.

1967 жылы құрылыс негізінен аяқталып, жаңа оқу жылы жаңа ғимаратта басталды. Осымен қатар концерт залы да салынып бітіп жатты (1968 ж.). С 1965 жылы, зейнеткерлікке шыққан Г.Э. Кромердің орнына музыкалық училищенің директоры болып Туруспек Смекенович Бозжигитов тағайындалды.

Туруспек Смекенович Бозжигитов , - білімі бойынша дирижёр – хоровик. Ол осы қызметте 1972 жылға дейін істеді. Оның жетекшілігімен музыкалық училищенің жаңа ғимаратының құрылысы жүріп жатты.

1970 жылы орыс халық аспаптар оркестрі құрылды. Оның құрылуына баянист және өздігінен ізденуші композитор В.С. Ширинкин мұрындық болды. 20 жылдан астам уақыт оркестрді ҚР Білім беруінің үздігі Геннадий Петрович Андрес басқарды. 2001 жылдан бері оркестргеВиктор Петрович Денисенко жетекшіліп етіп келеді ( педагог – баянист, музыкалық колледж директоры).


1971- музыкалық колледж директоры Творогов Анатолий Иванович болады, Алматы музыкалық училищесінің және Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының түлегі. Ол 1961 жылы оқу мекемесінің бағыттамасы бойынша Павлодар қаласына келеді. Музыкалық колледжде хорлық дирижерлеу бөлімінде арнайы пәндерді оқытады. 1961-1964, 1966-1972 ж.ж. оқу бөлімінің меңгерушісі болған. Оның директорлық қызметі училищенің ары қарай нығайып, кәсіби деңгейінің өсуінің себепші боды. Творогов Анатолий Иванович жаңа сыныптар ашады (орыс домрасы, музыкалық әдебиет, орыс тілі, лингафонды құрылғысы бар дыбыс жазу кабинеттерін жабдықтайды).

1978 жылы орыс халық аспаптар бөлімінің жанында домбыра сыныбы ашылады (педагог М. Кентаев).

1985 жылы эстрадалық аспаптар бөлімі (қазіргі эстрада музыкалық өнері бөлімі) және Виктор Тимофеевич Шейкиннің басқаруымен эстрадолық-джаз оркестрі ашылады.


1986 жылы музыкалық колледж директоры болып Денисенко Виктор

Петрович тағайындалды. Қарағанды педагогика институтының «Музыка және ән айту» факультетін бітіріп, 1971 жылдан бастап Павлодар музыкалық училищесінде баян сыныбы бойынша оқытушы болып жұмыс істейді. Ол заман талабымен бірге қадам басып, оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу-тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерін жетілдіру бойынша тынымсыз еңбек етуде. Ол қызықты бастамаларды, жаңашылдық ұсыныстарды қолдайтын, оқу үдерісіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізетін керемет ұйымдастырушы, өзінің кәсіпорнының тамаша басқарушысы.

1989 жылы қобыз сыныбы ашылды (педагог К.Т. Жаманшалова).
1991 жылы – қазақ халық аспаптар бөлімі ашылды. Сол жылы С. Малаев құрған ансамбль негізінде Қазақ халық аспаптар оркестрі құрылды.
1994 жылы М.К. Жармухамбетова қазақ халық аспаптар хорын құрды.
1996 жылы – Джаз оқытушыларының 23 халықаралық конференциясына қатысу үшін эстрада оркестрі мен жеке орындаушылардың Атланта қаласына сапары (Джоржия штаты, АҚШ).
1997 жылы музыкалық колледж ұжымының Павлодар облысы мәдениеті күндері аясында Алматы қаласына сапары.
1999 жылы Павлодар музыкалық училищесі П.И. Чайковский атындағы музыкалық колледж деп өзгертілді.
2004 жылы музыкалық колледжде облыстың ауылдық аудан оқуышларын дайындау үшін «Музыкалық білім беру» бөлімі ашылды.
2005 жылы дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат ашылды. Музыкалық колледж «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" ММ деп өзгертілді.
2007 – музыкалық колледж негізінде жас орындауышлардың XXVIII Республикалық байқауы. 1 орын иегерлері: Кульшарипов Аскар ( «Фортепиано» номинациясы), Рамазанова Нарина («Музыка теориясы» номинациясы).
2008 –87 жасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, сазгер, педагог, Павлодар музыка училищесінің «Музыка теориясы» бөлімі мен симфониялық оркестрінің негізін салушы А.А. Меттус дүниеден өтті.
2009 жылы Музыкалық колледж өзінің 50 жылдық Мерейтойын атап өтті, музыкалық кешеннің сайты жасалынды. Сайт Павлодар қаласының арнайы оқу орындарының ішіндегі үздіктер қатарынан көрінді
2010 – 25 мамыр – Қазақстандағы Еуропа күні. Колледждің симфониялық оркестрі итальяндық дирижер Джерардо Калело басқаруымен орталық жағажайда өткен концертке қатысты.
Маусым – Павлодардағы Республикалық Дельфий ойындары. Музыкалық колледждің 14 қатысушысының 8-і жүлделі орындарға ие болды.
Қыркүйек – қазіргі заманға сай жарық-дыбыстық және мультимедиялық құралмен жабдықталып, жаңартылған концерт залының жөндеуден кейінгі ашылуы.
Қыркүйектен мамыр айына дейінгі аралық– әртүрлі мамандықтың оқуышалрының қатысуымен «Музыка теориясы» бөлімінің оқытушыларымен ұйымдастырылған қаланың мектеп оқушыларына арналған музыкалық лекториялар өткізу.
Қараша – «Кәсіби білім беру жүйесін модернизациялау ретінде арнайы мектептер жағдайында музыкалық дарынды балаларды оқыту моделі» атты республикалық ғылыми-тәжірибешілік конференция өтті.
2011 – 26 наурызда Шахимардан Абиловтің академиялық вокалды өнер мектебі ашылды. Қазан – музыкалық кешен ұжымы Астанадағы Павлодар облысының күніне қатысты.
2012 қаңтар – «Музыка теориясы» бөлімінің 50 жылдығының аясында «Өнер оқу орындарында музыкалық-теориялық пәндерді оқытудың дәстүрлері мен жаңашылдығы» атты облыстық ғылыми-тәжірибешілік конференция өтті

2012 қараша- Джерардо Колелла жетекшілігінде симфониялық оркестр құрылды. Оркестр құрамына Қырғызстан, Тәжікстан және Астана, Алматы, Павлодар қалаларының өкілдері болып табылатын қатысушылар енді. Оркестр 12 шілдеден 11 тамызға дейінгі Азия мен Европа бойынша өтетін турнеде 11 концерт беріп, 2013 жылы 17 Халықаралық жастар оркестрлері фестивалінің үздігі аталды. Флоренцияда әйгілі Дуомо алаңында 4 мыңнан астам көрермен жинады.

2013 акпан -Омбы қаласында өткен «Сибирь зажигает звезды» Халықаралық балалар мен жастар конкурс-фестивалінде А.Төлегенова (қылқобыз) бас жүлдені жеңіп алды. Оқытушысы – Р.А. Тәңірбергенова, 1 орын – Р.Нұртазин (валторна), оқытушысы – О.В. Шлегель, концертмейстер: К.В.Щукина.

2013 қараша -Р.Нұрпейісова атындағы Республикалық байқауы Атырау қ., Бас жүлде Мерханова Айым ҚҰАБ 2 курс студенті, оқытушысы: М.Б. Алпысбаева

2013 қараша - «Алтын дауыс» ІІ Халықаралық вокальдық фестиваль-байқауы Немолочнова Светлана Анатольевна 1 сыйлықтың Лауреаты атанды.

2013 қараша- «Паганини- скрипач Дьявола» Алматы қ., Адамова Мадина 3 дәрежелі лауреат, оқытушысы: Я.О.Касьян.

2013 қараша- «Күншуақ» Республикалық фестиваль-байқауы Алматы қ., Бас жүлде Камилова Бағила ҚҰАБ 3 курс студенті, Оқытушысы: К.Т. Жаманшалова, концертмейстер: Марченко Л.В.

2013 қараша- «Лира Прииртышья» V Халықаралық байқауы I орын Ботагузов Мәди мен Нұрланов Олжас

2013 желтоқсан- Халықаралық «Астана- Мерей» байқауы Астана қ., «Қобыз» номинациясы 2 орын Тұрсынбекова Әлия, оқытушысы - Қанаева А.Б., концертмейстер Куминов А.Б., «Домбыра» номинациясы дипломанттар- Садырова Я., Омарова А., оқытушысы - Сексембаева М.С., концертмейстер Фролова Ю.В.

2014 ақпан -«Сибирь зажигает звезды» Халықаралық байқау-фестивалі Омбы қ., 1-орын Нұртазин Расул (валторна), Фатеев Сергей (виолончель), 2-орын - Ботаев Ернар (труба), Остапенко Павел (туба), колледждің үрлемелі аспаптар ансамблі, 3-орын Жакупов Жұмабек (труба), Соха Александра, Әбішева Камила, Логинова Лидия (флейта), Черников Владимир (труба), Дипломанттар – Сембаев Арон (тромбон), Баженов Петр (труба), Костенко Алиса (виолончель). Лауреаттар мен дипломанттарды дайындаған оқытушылар- Шлегель В.А., Федорова Е.В., Шлегель О.В., Бондаренко Т.А., Трофименко Т.Б., Мамырбеков Е.Н. және концертмейстерлер Куминов А.Б., Батурина И.Г.

2014 сәуір- Облыстық ғылыми жұмыстар байқауы 3-орын Багуркина Ирина ОҰАБ 2 курс студенті, оқытушысы: К.С.Шөкенова

2014 шілде- "Цвет граната" II Халықаралық байқау- фестиваль Колаян Марго Хачатуровна оқытушы-концертмейстер және «Ішекті аспаптар» бөлімінің жеті оқушысы "Цвет граната" IIІ Халықаралық байқау- фестивалінде (Греция, Салоники қ.) лауреат атанды.

2014 қыркүйек- Композитор Мұрат Өскенбаевтың 110 жылдығына арналған VI Республикалық дамбырашылар байқауы Ақтау қ., 1-орын Әділбеков Ерасыл.

2014 қазан 14-16- «Қазақ Романсиадасы» XVII Романстарды орындаудың аймақтық ашық байқауы, «Қазақ романсы» номинациясында 2 орын Қайыр Лейла ӘСБ 2 курс студенті, оқытушысы: Шахимардан Әбілов

FaLang translation system by Faboba